Жаңа жыл, безендірілген шыршаЖаңа жылда не істеуге болмайды: ырымдар мен тыйымдар

Жаңа жыл, безендірілген шыршаЖаңа жылда не істеуге болмайды: ырымдар мен тыйымдар

Санаулы сағаттан кейін 2022 жылы Барыс жылы кіреді. Жаңа жылдан әр адам бақыт пен сәттілік күтетіні рас. Жылыңыз сәтті өтсін десеңіз, жаңа жылмен байланысты ырым-тыйымдардан хабардар болыңыз.

 

Жаңа жыл күні не істеуге болмайды

 

2022 жылдың символы Барыс жылын шашылып жатқан, жиналмаған үйде қарсы алуға болмайды. Жылдың соңғы күні мен жаңа жыл түні қарсаңында ескі-құсқы дүниелерді лақтырып, үйдің ішін безендіріп, мол дастархан жайған абзал. Сонымен қатар, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылыққа ақша беру де құптарлық іс. Жыл иесі бұл әрекетті міндетті түрде бағалайды.

 

Барыс жылын жаңажылдық шыршасыз қарсы алу да – жаман ырым. Үйіңізге міндетті түрде әдемі шырша орнатып, оны әдемі ойыншықтармен безендіріңіз.

 

Жаңа жыл қарсаңында кір жууға, жаюға, сондай-ақ еден жууға болмайды. Үй тірлігін күні бұрын реттеп қойған жөн.

 

Бұдан бөлек, 31 желтоқсан тақағанда шаш қию, тырнақ алу жаман ырым саналады.

 

Жаңа жыл кеші түйме қадауға, киім тігуге немесе жамауға болмайды.

 

Сонымен қатар, жұлдызнамашылар жылдың соңында жаңа аяқ киім, жаңа төсек-орын, ас үйдің керек-жарақтарын сатып алмауға кеңес береді.

 

Жаңажылдық дастарханға қойылатын тағамды көтеріңкі көңіл-күймен дайындау қажет. Сондай-ақ Барыс жылы дастарханды бос қалдырғанды, ұрыс-керіс пен жанжалды ұнатпайды. Мерекелік үстелден міндетті түрде сары немесе қызғылт сары түсті жеміс, жеңіл десерт табылғаны абзал.

 

Жаңа жыл алдында мұңаюға, жылауға және ренжуге, өткен жылға дауыстап өкінуге болмайды.

 

Барыс жылын жалғыз қарсы алу да – жаман ырым. Жаңа жыл түнін отбасымен, ағайын-туыспен, жақын достармен бірге өткізу керек. Мерекелік дастархан басына тек нәзік жандарды жинауға болмайды.

 

2022 жылдың он екі айы сәтті өту үшін Жаңа жылды тыныш, әбігерсіз, айғай-шусыз қарсы алу қажет.

 

Жаңа жылда қарыз алмауға және біреуге қарызға ақша бермеуге тырысыңыз.

 

Жаман ырымдар мен тыйымдар

 

Жыл иесі тым ашық, неон түсті, сондай-ақ жыртқыш және жылан принтті киімдерді жақтырмайды.

 

Артық әшекей, зергерлік бұйымдардан да бас тартқан абзал. Өйткені Барыс ұстамдылық пен кербездікті бағалайды.

 

Барыс жылы қалтаңыз қалыңдап, дәулетіңіз асқанын қаласаңыз, жыл иесінен ақша сұрауға еш қысылмаңыз. Келер жылы табысқа кенелу үшін туған-туыстарға пайдалы, қажетке жарайтын сыйлық таңдаңыз. Себебі барыс ақшаны оңды-солды шашқанды ұнатпайды. Шыршаға қағаз ақша іліп, тәрелке астына тиын-тебен қойыңыз. Жылдың басты өсімдігі жалбыз болмақ, сондықтан оның жапырақтарын үйдің әр жеріне шашып тастаңыз.

 

Бұдан бөлек, барыс – асқа келгенде өте талғампаз. Балықты жақсы көрмейді, сондықтан еттен жасалған тағамдарға баса мән берген жөн.

 

Алайда дастарханға сиыр етін қоюға болмайды. Оның өз себебі бар. Шығыс аңызы бойынша айқас кезінде барысты жеңіп, оны келемеж еткен сиыр – жыл қожайынының қас жауы. Сондықтан сиыр етінен дайындалған тағамның өзі жыл символын ашуландырып жіберуі мүмкін.

 

Сонымен қатар, Жаңа жылда ішімдік ішіп, удай мас болуға болмайды.

 

Барыс парфюмерияны, яғни иіссуларды бағаламайды. Мысық тұқымдастардың кез келген өкілі сияқты ол әртүрлі иісті ұнатпайды.

 

Сондай-ақ Жаңа жылға зиянды, жаман әдеттермен байланысты дүниелерді тарту етпеген абзал. Мысалы, қымбат алкоголь, бокал, оттық және күлсалғыш.

 

 

 

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста