Жаңа театр несімен ерекшеленбек?

Жақын арада Алматыда жаңа форматтағы театр ашылады деген хабарды естіп едім. Бірақ ол театрдың несімен ерекшеленетінін білгім келеді.
Айжан БЕКСҰЛТАН,
Қапшағай
Өнерсүйер қауымның көзайымына ай­налуды көздеп отырған ВТ театры (BUSINESSTHEATRE) за­ма­науи бағы­тымен ерекшеленбек. Ол Лондон­дағы әлемге әйгілі Sadler’sWells театрының үлгісінде жұ­мыс істейді. Мұнда тұрақты труппа өнер көрсет­пей­ді. Әртістер тек керек кезінде ғана жобаға шақыры­лып, қайта тарап отырады. Есесіне әр адамның өзі­нің ашылмай жатқан қырларын байқап, арман­дарын жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Театр түрлі ойын-сауықтық бағ­дар­ламалар мен қойы­лым­дар­мен кө­рермен назарын аудармақ. Тұрақты түр­де тренингтер өтіп, арнайы іріктеу ар­қылы қабыл­дана­тын талантты қыз­меткерлер көрермен уақытының дұ­рыс өтуіне күш салады. Дәрістер кәсіби режиссер, актер, психологтердің қатысуымен жүзеге асады. 15 адамнан жасақталған топтың әр мүшесіне жеке-жеке көңіл бөлінеді. Бұл жобаға жоғары шенді бас­шылар мен қарапайым адамдар да қатыса алады. Жаңа театрдың құрыл­тай­шылары Германиядағы әріп­тес­терімен, Лон­дон драмалық өнер акаде­мия­сымен тығыз қарым-қатынас ор­на­тып, барыс-келіс жасауға уағ­даласып отыр.
Театрдың құрылтайшысы – Қаржы банкінің бұ­рынғы директоры, тәжірибелі психолог, актриса-режиссер Наташа Дубс. Оның айтуынша, қала тари­хындағы ал­ғаш­қы заманауи театр өнер саңлақтары мен шаһар тұр­ғындары үшін таптырмайтын орталыққа айна­лады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста