Жаңа сериал не жайында?

24 қаңтардан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан «Әке серті» атты жаңа сериал беріле бастайтын көрінеді. Сериалды кім түсірген, қандай актерлер қатысқан?
Айша ҚАНАТҚЫЗЫ,
Алматы
«Қазақстан» РТРК АҚ-ның тапсырысымен «3 TA Pictures» компаниясы «Әке серті» деп аталатын телехикая түсірді. Бұл жоба қазақ-түрік мамандарының бірлесіп жасаған алғашқы көркем туындысы болып отыр. Жобаның  мақ­саты – бір жылда жүздеген телехикая түсіріп, біршама жетістіктерге жеткен түрік мамандары­мен бірлесе жұмыс істеу арқылы отандық телеөндіріске жаңаша бір леп қосу. Рөлдерді қазақ актерлері Сағат Жылгелдиев, Гүлшарат Жұбаева, Мақсат Сәбитов, Гүлшат Тұтова, Әсет Иманғалиев, Қадірбек Демесін, Болат Әбділ­манов т.б. орындайды.
Актерлер кәсіби шеберлігіне қарап ірік­телген.
«Әке серті» телехикаясы өзге телетуын­ды­лардан сюжет желісінің өміршеңдігімен  және көкейкестілігімен ерекшеленеді. Әке мен ба­лалар арасындағы байланыс, жақсы мен жаман, ақ пен қара, қуаныш пен қайғы арасын­дағы жік пен көзге көрінбес байланыс – мәңгілік тақырып. Телехикаяға Мұхтар Шахановтың сө­зіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні тандап алынған. Әнді жаңаша бағытта өңдеп, әрлеген – Нұрлан Қаражігітов. Ал «Әке туралы жыр» әнін орындаған – С.Қаражігітова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста