Заң бойынша жалғызбасты ана деп кімді айтады?
Мен бір бала өсіріп отырмын. Баланың әкесімен некеде тұрмаймын. Бірақ ұлым оның фамилиясын алған. Еліміздің заңдары бойынша мен жалғызбасты ана болып есептелемін бе?
Дина Қайырова, Жамбыл облысы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, жалғызбасты ана деп ешқандай некеге тұрмаған, баласының әкесі кім екені анықталмаған әйелдерді айтады. Егер сіздің ұлыңыздың әкесінің кім екені әділет органдарында анықталған болса, сіз жалғызбасты ана болып есептелмейсіз. Сіздің ұлыңыз әкесінің фамилиясын алған болса, демек, оның әкесінің кім екені де тіркелген деген сөз.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу