Жаңбырлы күндері жүргенде аяқкиімімнің ұшынан су шашырайды. Бұл жалпақтабандылықтың белгісі ме? Одан қалай құтылуға болады?
Ерболат ҚОҚЫМБАЕВ, Алматы облысы
Жалпақтабандылық – табан дөңестерінің төмендеуінен болған табанның жалпаюы. Жалпақ табан сопақша немесе көлденең болуы мүмкін. Табанның бұлай бітуі туа немесе жүре пайда болады. Жалпақтабандылықтан дәрігерге қаралмай-ақ емделгіңіз келсе, табиғат аясында дымқыл шөпте, таста жалаң аяқ жүруді әдетке айналдырыңыз. Жүрісіңізге назар аударыңыз: аяқты қатар қоюға тырысыңыз, ал жүрген кезде табанның сыртына сүйеніңіз. Тағы бір тиімді әдіс – бұл арнайы супинатор ұлтарақтарды қолдану. Мұндай ұлтарақтар табанды қалыпқа келтіреді. Жұқа супинатор ұлтарақтарды туфлиге салады. Бұл шаршаған аяқтардың жұмысын біршама жеңілдетеді және жалпақ табанның алғашқы белгілерін жоюға көмектеседі.
Жалпақтабандылықтан арылудың қарапайым әдістері қандай?
Последние статьи автора