Жалғызбасты ананы қандай жағдайда жұмыстан шығаруы мүмкін?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкерлерді жеке және ұжымдық келісімшарт жасамай-ақ жұмысқа қабылдауға құқығы бар ма? Екінші сұрағым – 14 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ананы қандай жағдайда жұмыстан шығаруы мүмкін?
Жанна,
Ақмола облысы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – кодекс) 38-бабының 3-тармағына сәйкес, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек шарты болмаған немесе тиiстi үлгiде рәсiмделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңда­рында белгiленген тәртiппен жауаптылықта бола­ды делінген. Демек, жұмыскермен еңбек шартын жасамау қолданыстағы заңнама бойын­ша заңбұзушылық болып танылады. Сондай-ақ кодекстің 282-бабына сәйкес, кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзiрлеудiң және жаса­судың бастамашысы бола алады. Екiншi тарап­тың ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiс­сөз­дердi бастау туралы ұсынысы бар хабар­ламасын алған тарап оны 10 күндiк мерзiмде қарап, осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен келiссөздерге кiрiсуге мiндеттi. Демек, жұмыс берушіге жұмыскерлерден ұжымдық шарт жасасу туралы ұсыныс түскен жағдайда жұмыс беруші оны жасасуға міндетті.
Екінші сұрақ бойынша: кодекстің 185-ба­бына сәйкес, жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейiнгi баланы (он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғыз­басты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға, осы кодекстiң 54-бабы 1-тар­мағының 1), 3), 18) тармақшаларында көздел­ген жағдайларды қоспағанда, жол берiл­мейдi. Яғни, аталған бапқа сәйкес, көрсетілген қыз­мет­керлер санатын қысқартуға ғана тыйым салынады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста