Жалғыз басты ана ретінде жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

Сәлеметсіздер ме «Алаш айнасы»? Менің үш жасар балам бар, бірақ ол әкесінің фамилиясын алған. Жалғыз басты анамын, некеге тұрмағанмын. Мектепте жұмыс істегеніммен, жалақым аз, пәтер жалдап тұрамын. Сіздерден сұрайын дегенім, жалғыз басты ана ретінде мемлекеттен жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар өткізуім керек, жалпы мұндай жағдайда құжат тапсыра аламын ба?
Мария,
«Алаш айнасының» сайтына түскен сұрақтан.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалғызбасты аналарға әлеуметтік кепілдемелер жалпы негізде қаралған. Жәрдемақы жөніндегі сұраққа келсек, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар. Жәрдемақының мөлшері әр балаға 1 АЕК (1 852 теңге) құрайды. Сонымен қатар, азаматтардың отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен болған жағдайда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер бола аласыз. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындауға қажетті құжаттар: 1). Белгіленген үлгідегі өтініш; 2). Балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері, не тууы туралы акт жазбаларының көґшірмелері; 3). Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4). Отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы); 5). Отбасының құрамы туралы мәлімет; 6). Отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет; Жәрдемақы және тұрғын үй мәселесі бойынша толық мәлімет алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста