Жалақы жағынан қаржыгерлер озып тұр
Еліміздегі орташа айлық жалақының мөлшерін білейін деп едім. Өткен жылмен салыстырғанда өзгеріс бар ма? Жалпы, қай сала қызметкерлерінің еңбекақысы жақсы?
Айнұр СЕРІКОВА, Қарағанды облысы
Биыл Қазақстандағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда біршама өскен. Мемлекеттік статистика агенттігі мамандарының айтуынша, сәуір айында бір жұмыскердің кесімді жалақысы 64 730 теңгені құраған. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 11,8 пайызға артық. Агенттік қызметкерлері таратқан мәліметке сүйенсек, қаржы қызметкерлері республикадағы орташа айлық көрсеткіштен екі есе көп жалақы алады екен. Одан кейінгі орындарда жылжымайтын мүлік және құрылыс салаларының мамандары бар. Жұмыскерлерінің айлық жалақысы ең жоғарғы өңір Атырау болып есептеледі. Ондағы орташа еңбекақы 131 мың теңгеден асып жығылады. Ал Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының айлық жалақысы республикадағы орташа көрсеткіштен 35 пайызға төмен.