Жалақы төлеуде магистратурада оқып жатқаны ескерілмей ме?

Менің қызым педагогикалық институтты бітіріп, магистратурада сырттай оқып жатыр. Еңбек өтілі – үш жыл. Оған бакалавриат бітіргендермен бірдей жалақы төлеп отыр. Осы заңды ма? Оның магистратурада оқып жатқаны ескерілмей ме?
Амангелді ЖҰМАЛЫ,
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас­қармасының сарапшы маманы­ның мәліметіне қарағанда, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қа­ражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорын­дардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) реттеледі.
Қаулыда бекітілген азаматтық қыз­метшілердің (білікті жұмысшыларды қос­пағанда) санаттар бойынша лауазым­да­рының тізіліміне сәйкес, біліктілігі жо­­ға­­ры  деңгейдегі мұғалімдерге еңбекақы төлеу – G-9, біліктілігі орта деңгейдегі  мұғалім­дерге G-11 санаты бойынша жүргізіледі.
Бүгінде БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданы­латын коэффициенттер қаулыға 2-қосымшада бекітілген.
Білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағ­дайлары үшін төленетін қосымша ақы мен үстемеақылар – қаулыға 4-қо­сым­­ша­да, ал санаты үшін қосымша ақы 19-қосымшада қарастырылған.
Бюджет қаражаты есебінен қаржы­лан­­ды­рылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығымен бекітілген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста