Зәйтүн майын күнделікті тамаққа пайдалану денсаулықты жақсартады деген пікір бар екені белгілі. Ол бауырды тазартып, өттегі тасты шығарады дейді. Осыған сенуге бола ма?
Мейрамгүл АҚАНҚЫЗЫ
Бұл пікірді жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бұл зәйтүн майы бүкіл ауруға ем дегенді білдірмейді. Оның үстіне майды тұтыну дәрігер белгілеген мөлшерден аспауы тиіс. Өйткені ол мөлшерден асып кетсе, өт-тас ауруын қоздырып жіберуі мүмкін.
Дәрігерлердің айтуынша, бауырды зәйтүн майымен тазарту мүлде қауіпсіз дейтіндер қателеседі екен. Зәйтүн майы өттегі запыранды шығаруға әсер ететіні рас. Әйтсе де өтте тас болса, мұндай тазарту операция үстелінен бір-ақ шығаратын көрінеді.
Оның үстіне дұрыс тамақтанбаса, бір-екі мәрте ғана жасалған ең пайдалы деген емнің өзі зая кететінін ұмытпаңыз.
Зәйтүн майы пайдалы, әйтсе де...
Последние статьи автора