Зағиптарға арналған кітапхана бар ма?

Алматыда зағип жандарға арналған кітапхана бар деп естіп едім. Осы жөнінде қысқаша ақпарат берсеңіздер.
Нұрбек,
Талдықорған қаласы
Елімізде зағип және нашар көретін азамат­тар­ға арналған кітапханалар жүйесінің тарихы өткен ғасырдың 70-жылдарынан басталады. Дәлірек айтсақ, «Көзі көрмейтін және әлсіз көре­тін азаматтарға арналған республикалық кітапха­на» 1971 жылы 5 ақпанда Қазақ КСР Министр­лер Кеңе­сінің жарлығымен Алматыда құрыл­ған.
Кітапхана қызметкерлері мұнда өздігінен келе алмайтындар үшін, қажет жағдайда олар­дың үйлерінде болып қызмет көрсетеді. Қа­зіргі кезде кітапханада бедерлі-нүк­телі шрифта мүге­дектерге қатысты «Брайль жү­йе­сі» бойынша әр­түрлі кітаптар, дыбыстан­ды­рылған әдебиеттер, кескінді құралдар, арнайы бей­нематериалдар, СД жинақтар қолда­ны­лады.
Зағип жандарды әлеуметтік оңалту, психоло­гия­лық бейімдеу мақсатында кітапханада «Оң­ал­ту кабинеті», «Компьютер класы», «Элек­трон­дық қор залы» жұмыс істейді. Компьютер сы­ны­бын­да зағиптарға арналған арнаулы бағдарла­малардың көмегімен зағип оқырмандарға, компью­термен жұмыс істеуге мүмкіндік бар. За­ғип және нашар көретін азаматтарға арналған рес­пуб­ликалық кітапхана – ТМД елдері арасын­да­ғы «DAISY» форматында көзі көрмейтіндерге ар­нап халықаралық стандарт үлгісі бойынша ды­быс­талған кітаптарды енгізген алғашқы кітапхана.
Кітапхананың мекенжайы:
050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 214
Байланыс телефондары: 293-70-80, факс: 389-89-88
e-mail: rbnsg@rambler.ru kitapkhana@mail.ru
веб-сайт: www.blindlib.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста