Хрусталь ыдыстарым бар еді, соңғы кездері бұрынғыдай емес, түсі бұлдырап тұратынды шығарды.
Дина Үмбетова, Алматы қаласы
Мамандар хрусталь ыдыстарды ыстық сумен жумау керектігін айтады. Ыстық су хрустальдың сынын бұзады, түсі бұлдыр тартып, сарғаюы да мүмкін. Мөлдірлігін жоғалтқан хрустальды крахмал көгі сіңдірілген түкті шүберекпен жуған жөн. Сол сияқты фаянс ыдыстарды да ыстық сумен жууға болмайды. Ал ас содасы мұндай ыдыс-аяқтың сырын кетіреді. Фаянс ыдыстар үшін қыша ұнтағын, болмаса, сапалы сабынды суды қолданған дұрыс. Ал фарфор ыдыстарды ұзақ сақтау үшін оларды қолданғаннан кейін мұсатыр спиртімен тазалау керек.