Досхан ағаның кинодағы ерекше рөлдерінің бірі «Бандыны қуған Хамиттегі» Хамит қой. Негізі, осы фильмдегі оқиға өмірде болған ба? Хамиттің прототипі кім?
Сағыныш ХАНАЛЫ, Алматы
Фильм С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» атты шығармасының желісімен түсірілген. Онда кеңестік жүйенің орнығуы барысындағы шайқастар мен идеялар тартысы суреттелген. Сондықтан Хамиттің те, басқа кейіпкерлердің де прототиптері өмірде болған. Бірақ мұны жеке бір ғана адамның өмірінен алынған деуге болмайды. Бұл арада жазушының ой-қиялы да жатыр.
Мұның сыртында фильмді түсіруші топтың да өз тарапынан қосқаны бар. Мысалы, әңгімеде Әйгерім деген кейіпкер жоқ. Елі үшін жанын пида еткен большевиктің сөнбеген шырағы ретінде ол сценарист қиялынан кейіннен қосылған. Және өте сәтті шыққан.
Хамиттің прототипі кім?
Последние статьи автора