Халықаралық ұйымдардың «астаналарын» білесіз бе?

Еуропалық кейбір қалаларда халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлері көптеп орналасқан. Қай қалада қандай кеңселер шоғырланғанын нақтырақ айтып берсеңіздер.
Лаура ӘДІЛХАН,
Семей

Дүниежүзілік ұйымдардың штаб-пәтерлері, негізінен, Брюссель, Гаага және Женева қалаларынан орын тепкен. Нақтырақ айтар болсақ, Бельгия астанасы Брюссельде  НАТО, Еуропалық одақ сияқты халықаралық ұйымдардың бас штаб-пәтерлері орналасқан. Сонымен қатар Бенилюкс және Батысеуропалық одақтың хатшылығы да осы қалада көрінеді. Ал Нидерландының Оңтүстік Голландия провинциясының астанасы Гаага қаласын халықаралық соттар шаһары деуге толық негіз бар. Себебі 500 мыңға жуық қана халқы бар бұл қалада БҰҰ-ның халықаралық соты, Халықаралық қылмыстық сот, Халықаралық арбитражды сот және ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттарды қорғаумен айналысатын комиссариатының штаб-пәтерлері шоғырланған. Осындай қалалардың бірі – Швейцария астанасы – Женева қаласы. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау, халықаралық еңбек, дүниежүзілік сауда, әлемдік метеорологиялық, халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымдары мен халықаралық электробайланыс, парламентаралық одақтардың бас кеңселерін осы қаладан табасыз. Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдастығының федерациясы да Швейцария астанасында екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста