Туысқандарым кей уақытта халық емшілерінің қызметіне жүгінеді. Олардың кейбірі медициналық жолмен емдесе, кейбірі дәстүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Емнің пайдасы болуы үшін емшілерден біздің арнайы лицензия талап етуіміз қажет сияқты. Бірақ мұндай жағдайда емшілер «бізге сенімсіздік таныттыңыз» деп, емдеуден бас тартуы мүмкін. Қалай әрекет еткен жөн?
Қасым, Алматы қаласы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халық емшілерінің қызметі 1997 жылы «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Заңмен алғаш рет бір жүйеге келтірілген. Соған сай халық медицинасы әдістерімен емдеуге жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау органдары берген тиісті лицензиясы, медициналық білімі бар адамдар құқылы. Бұдан басқа ерекшелік ретінде халық медицинасы әдістерімен емдеуге лицензия медициналық білімі жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен беріледі. Емшілікпен айналысқысы келетін арнайы медициналық білімі жоқ адамдардың лицензия алуы үшін Медициналық қызмет көрсету саласына бақылау жөніндегі комитет берген тиісті куәлігі болуы тиіс. Олар өздерінің емдеу әдістерін жергілікті денсаулық сақтау органдары белгілеген медицина ұйымдарында алты ай бойы мақұлдаудан өткізулері қажет. Халық емшілеріне жүгінгенде аталған рұқсат құжаттарын талап етуіңіз заңды.
Халық емшісінің лицензиясы болуы қажет
Последние статьи автора