Вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге еңбек демалысы қалай беріледі?
Мекемедегі жұмысшылар 2009 жылғы 1 маусымнан бастап, бір мезгілде толықтай вахталық әдіске, 28/28-ге көшкен. Мекемеде аптасына алты күндік жұмыс тәртібімен жұмыс жасап жүрген жұмысшы (24+6 қосымша) 30 күндік толық еңбек демалысын сұрап, өтінішін жазған жағдайда, еңбек демалысы қандай тәртіпте есептеліп, ақы қалай төленеді және ол жұмысшы қанша мерзімге демалады? 28 күндік вахталық демалыс біткеннен кейін бе, әлде тәртіп басқалай ма?
Сенбек Төреғалиев, Атырау облысы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласы мамандарының мәліметінше, ҚР Еңбек кодексі бойынша, вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде жұмыс есептік кезеңдегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы кодексте белгіленген нормалардан аспауға тиіс. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңінде бөліп беруге жол берілмейді. Яғни қызметкердің демалыс күндері ол вахтааралық демалыс күндерін (28 күн) пайдаланып болғаннан кейін есептеледі. Ал демалыс күндеріне берілетін ақы төлеу үшін қызметкердің орташа айлық ақысы есептеледі.