Әлі күнге шалбарға дұрыс қыр сала алмаймын. Осының не құпиясы бар? Сондай-ақ үтіктегі дақты қалай кетіруге болады?
Бағила, Тараз қаласы
Үтіктей білу де – өнер. Қымбат әрі соңғы үлгідегі киім кимесеңіз де, оның таза әрі өте жинақы болғаны маңызды. Қыржымды киім иесінің де, оның айналасындағылардың да көңіліне қыржым түсірері анық.
Қолына үтік тисе қиналып қалатын жалғыз сіз ғана емес, ондай құрбы-құрдастарыңыз бен әпке-сіңлілеріңіз жетерлік. Ал киімді дұрыс үтіктеудің ең бірінші шарты – үтіктің таза болуы. Ондағы сары дақ бүркіген судан қалатын із болса, сондай-ақ дұрыс үтіктей алмағаннан киімнің ізі де болуы мүмкін. Демек, дұрыс үтіктеу үшін алдымен әлгіндей дақтан тазарту керек. Оның ең оңай екі тәсілін біз сізге ұсына аламыз: бірінші – үтікті салқын күйінде сірке суымен (уксус) сүртуге болады, екіншісі – ас содасының ерітіндісі.
Ал шалбарға қыр салғанда үстіне сірке суы қосылған матаны қойып үтіктесеңіз, қыр ұзақ сақталады.
Үтіктеудің құпиясы неде?
Последние статьи автора