Үстеме жұмысқа ақы қалай төленеді?

Үстеме жұмысқа ақы қалай төленеді?

Мен вахталық әдіспен жұмыс істеймін. Еңбек шартында 15 жұмыс күні деп белгіленген. Бірақ кейде 16-17 күн жұмыс істейміз. Сол үшін кәсіпорын бізге қосымша ақы төлеуі керек пе?

Жанғали ТӨРЕҒАЛИЕВ, Ақтөбе қаласы

ҚР Еңбек кодексіндегі анықтамаға сәйкес, үстеме жұмыс – қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс. Осы кодекстің 88-бабы 1-тармағы және 19-тармағына сәйкес және кодекстің 90-бабында көзделген жағдайларды (ел қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік апатты болдырмау, не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстар жүргізу кезінде; сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін; егер үзіліс жасауға болмайтын жұмыста ауыстыратын қызметкер келмей қалғанда, басқа қызметкермен ауыстыру шарасын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру) қоспағанда үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу қолданылғанда, үстеме уақыттағы жұмысқа кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста