Үсік шалған адамға қалай көмек көрсету керек?

Қостанай облысында ауа райының күрт құбылуы күн тәртібінен түскен жоқ. Соған байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствода айтылғандай, шамадан тыс суық өту немесе үсу адам организміне төменгі температураның жалпы әсер ету салдарынан пайда болып, оның негізгі физиологиялық жүйелері қызметтерінің, ең алдымен дене жылылығын реттеу қызметінің бұзылуына әкеледі.

«Үсудің 4 дәрежесі бар. Бірінші дәрежелі үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл - үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады», - деп түсіндірді Қостанай облысының ТЖД өкілдері.

Мамандардың сөзінше, үсік шалған жерлерді қармен уқалау терінің зақымдалуына әкеп соғады және инфекция түсіреді. Суық тиген адам жылыну үшін алкоголь ішуге болмайды. Себебі, қан тамырлары кенет тарылады, ол тиісінше, зақымданған жерлерді оттегімен қамтамасыз етуді төмендетеді.

«Үсік шалған жерлерді маймен сылауға тыйым салынады, өйткені ол терінің демалуын бұзады және зақымданған ұлпалардың шығуына кедергі болады. Үсік шалған тері қолмен немесе тоқыма шарфпен сыланады. Әуелі, үсіген адамның қолғабын және аяқ киімін шешіңіз, жұмсақ массажбен жылытыңыз, ал аяқтарыңыздың табанын жоғарыдан төмен бағытта сылаңыз. Зақымданған теріні мүмкіндігінше дәкемен, марлемен, полиэтиленмен бірнеше қабаттап ораңыз және жылы үй-жайға дейін тез жетуге тырысыңыз. Өзіңіз тез арада немесе көршілердің көмегімен дәрігер шақыртыңыз. Дәкені шешпеңіз, әйтпесе температураның төмендеуі нәтижесінде ұлпадағы дұрыс қан айналым бұзылады», - деп түсіндірді.

Өз кезегінде, «Қазгидромет» РМК филиалы суық ауа температурасы Қостанай облысындағы әлі біраз сақталатынын ескертеді.

«Өткен тәулікте ең төменгі ауа температурасы -22-28 градус болды. Бүгін ол -33-38 градусқа дейін түседі деп күтілуде. Облыстың кей өңірлерінде -40-43 градус аяз сезіледі. 6-7 ақпан күндері де төмен ауа температурасы болады», - деді филиал директоры Лариса Кузьмина.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қардың қалың түсуі мен боранға байланысты үш облыстың аумағындағы республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста