Үндістанның соғыссыз, бейбіт түрде тәуелсіздік алуына Л.Толстойдың қатысы бар деген әңгіме қаншалықты қисынды?
Қайрат, Жамбыл облысы
1908 жылы Лев Толстойға үндінің революцияшыл қайраткері Таракнат Дастың атынан Үндістанның тәуелсіздік алуы үшін «не істеу керек» деген мазмұнда қолдау іздеген хат келеді. Соған орай Толстойдың «Үндіге хат» деген жауап хаты Free Hindustan журналында басылып шығады. Толстой үшбу хатында: «Англияның отарлық құрсауынан тек Отанға деген сүйіспеншілік арқылы бейбіт, қарусыз түрде тәуелсіздік алуға болады» деген ой-пікір білдіреді. Толстойдың «Құдай патшалығы – өз жүрегіңде» деген мақаласы Оңтүстік Африкада азаттық жолындағы күресті бастаған Махатма Гандидің саяси көзқарастарына зор ықпал етеді. Толстойдан бастау алған азаттық үшін бейбіт, қарусыз түрде күресу идеясы М.Гандидің өмірлік ұстанымына айналып, 1947 жылы Үндістанның тәуелсіздік алуына қол жеткізеді.
Үндістанның бейбіт жолмен тәуелсіздік алуына Толстойдың қатысы бар ма?
Последние статьи автора