«Үлкен жиырмалық» қандай алаң?

«Үлкен жиырмалық» қандай алаң?

Менің білгім келетіні, G20 құрылымының қатарына қай мемлекеттер енеді? Қазақстанның мүшелігі қарастырылған ба?
Берік,
Алматы
G20 – әлем елдерінің ЖІӨ кө­лемі­нің 90 пайызын, сауда айна­лымының 80 пайызын алып жатқан әлемдегі ең ірі экономикалық елдер­дің бейресми форумы. «Үлкен жиыр­малық» форумын құру жөнін­дегі шешім G7-нің 1999 жылы 25 қыркүйекте Вашингтонда өткен Қаржы министрлерінің жиы­нын­да қабылданды. Он жылдай уақыт бұл алаң тек министрлердің жиы­ны ретінде танылса, 2008 жылдан бастап Мемлекет басшыларының саммиті деңгейіне көтерілді. Қазіргі уақытта 19 жекелеген мемлекетке және Еуроодаққа «Үлкен жиырма­лықтың» тұрақты мүшелері статусы берілген. Олар – Аргентина, Авс­тра­лия, Бразилия, Ұлыбрита­ния, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Түркия, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Франция, ОАР, Корея Респуб­лика­сы, Жапония және Еуропалық одақ. Жыл сайын тұрақты мүше елдер кезектесіп бұл құрылымға төрағалық етеді. 2009 жылы оған Ұлыбритания төрағалық етсе, 2010 жылы – Оңтүстік Корея, 2011 жылы – Франция, 2012 жылы – Мексика, 2013 жылы – Ресей. Ал Қазақстан «Үлкен жиыр­­­малық­тыің» биылғы саммитіне Кеден одағының, Бірыңғай эконо­ми­калық кеңістігінің, Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығының өкілі ретінде Ресейдің ұсынысымен шақы­рылып отыр. Мүшелік ту­ралы мәселе қозғалған емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста