Үкіметтен субсидия алу үшін қандай құжаттар қажет?

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге берілетін субсидияны алу үшін қандай құжаттар қажет? Оны қандай органдар іске асырады?

Нұрғали, Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы

Осы сұраққа байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарласқанымызда, олар мынадай мәліметтерді берді:
—Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын сатып алу үшін міндетті түрде тиісті облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасына жүгіну керек. Егер жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бірінші, екінші және үшінші репродукцияны сатып алуға ішінара шығындарын өтеуге қаражат бөлінсе, субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жергілікті атқару органының шешімімен құрылған ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі - ВАК) төмендегі мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Ережеде бекітілген нысандағы өтінімді;
2) заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін - әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесін);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесін;
4) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша - тиісті жылғы 20 маусымға дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылғы 10 қарашаға дейін:
нақты сатып алынған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның көлемі жөніндегі тізілімді;
бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның сорттық және егу сапасын растайтын құжатты (тұқымға арналған куәлік);
тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
сатып алынған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін тапсырады.
ВАК тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейін субсидия алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін жасайды және оны бекітуге ауданның жергілікті атқарушы органына жібереді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста