Ресейдің «Что, где, когда?» интеллектуалдық ойынында жылдың ең үздік ойыншысына, ең білікті де білгіріне хрустальдан жасалған үкі береді. Сондай-ақ «Зерде» қоғамдық қорының да белгісі – үкі. Осы үкі нені білдіреді?
Айғаным Елдосқызы, Қарағанды.
Үкі – ежелгі грек құдайларының бірі Афинаның атрибуты болумен қатар, даналықтың да нышаны. Қара түнді қақ жаратын өткір жанарының арқасында ол бір орнында тапжылмай отырып та көзге түртсе көргісіз қою қараңғылық құшағында жүйткіген аңнан жорғалаған тышқанға дейін қалт жібермейтін қырағы
Дыбыс шығармай ұшатынына, жанып тұратын көздеріне, кенеттен пайда болатынына қарап, осы бір құсты ажалмен байланыстыратын да көзқарас бар. Мәселен, ежелгі Египетте, Үндістанда, Қытай мен Жапонияда үкі «өлім құсы» саналған. Үнділердің сенімі бойынша, үкі – түн патшасы әрі қайтыс болғандардың жанын о дүниенің табалдырығына дейін шығарып салушы. Одан ертеректе ол қараңғылықтан, қара күштерден қорықпай, көпшілік үшін құпия саналатын сырлардың кілті саналған.
Ал үкінің бүгінгідей даналық, тереңдік, кітапқұмарлық символы саналуы Афина аңыз-әпсаналарынан бастау алады. Қазақта үкінің қауырсыны пәле-жаладан сақтайды деген сенім бар.
Үкі ненің белгісі?
Последние статьи автора