Ұйқыңды шайдай ашатын оятқыш сағаттар

Ұйқыңды шайдай ашатын оятқыш сағаттар

Қазір техника дәуірлеп тұрған заман. Спорт әлемі де электроникадан артта қалған жоқ. Жақында бір досымның үйінен спорт құралдарының кейпінде жасалған сағатты көрдім. Оның ұйқыдан ояту «қабілеті» де жақсы көрінеді. Спорт үйірмесіне қатысатын немерелерім үшін таптырмайтын құрал екен. Сол туралы кеңірек мәлімет берсеңіздер екен...
Маралбек Мырзан,
Қарағанды облысы
Заман ілгері озған сайын, адамзат түрлі техника құралдарын ойлап табуда. ХХІ ғасырда өмір сүріп жат­қанымызды ескерсек, бұл құбылыстарға таңғалудың қажеті жоқ. Мәселен, кір тасының кейпінде жасалған сағатты мамандар өте жоғары бағалап отыр. Таңертең тәтті ұйқысын қимайтын адамдарға, оның ішінде спортшыларға – таптырмайтын құрал. Екі дөңгелегінде уақытты көрсететін сағат орналасқан кір тасын 30 рет көтерсең ғана, ұйқыдан оятатын жағымсыз дыбысты тоқтатуға болады. Әдетте, сағаттың бір нүктесін басып тастап, ұйқыны әрі қарай жалғастыратын «жалқау» спортшылар үшін оятқыш қоңырауы бар кір тасын мамандар дәл ойлап тапқан. Сондай-ақ нысана көздейтін спортшылар үшін де керемет оятқыш сағаттар «дүниеге келді». Таңертең шырылдай жөнелетін оятқышты тоқтату үшін нысананың дәл ортасына арнайы лазермен дөп түсу керек екен. Бірақ ең қызықтысы бұл емес. Велосипед кейпіндегі оятқыш сағаттарды тоқтату бәрінен де қиын. Себебі үстел үстінде зыр айналып, «жүгіріп» жүретін велосипедті ұстап алып, тоқтатамын дегенше, ұйқыңыз да шайдай ашылады. Өнертапқыштар бұл сағаттардың жас спортшыларға тигізер көмегі көп деген пікірде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста