Әлемдік саясаткерлердің көпшілігі үй жануарларына әуес деп естіп едім. Нақты қай саясаткерлер екенін жазсаңыздар.
Айнұр Әлімбек, Астана
Иә, әлемге әйгілі саясаткерлердің көпшілігі өздерінің сұхбаттарында негізгі хоббилері ретінде үй жануарларын күтіп, баптауды айтқан екен. АҚШ президенттерінің дені Ақ үйде иттер мен мысық асыраған. Бұл туралы Вашингтондағы Newseum ақпараттық мұражайдағы деректерден білуге болады. Бұл орталыққа бас сұққан адам Авраам Линкольннің доңызды, қазды және күркетауықты ерекше жақсы көргеніне, Джордж Вашингтонның Нельсон атты сүйікті жылқысы, Джон Адамстың қолтырауыны болғанына көз жеткізеді. Сондай-ақ Кальвин Кулидж президент болып сайланғаннан кейін Ақ үйдің ішінен бегемотына жайлы бөлме іздеп аласұрыпты. Үлкен Буштың жары Барбараның «Милли кітабы» атты өзінің иті туралы кітабы бестселлерге айналған. Кіші Буш та Спот атты төрт аяқты сенімді серігімен 15 жыл жұбы жазылмай өмір сүрді. Францияның қазіргі Президенті Николия Саркозидің Клару, Дамблдора және Туми атты үш иті бар. Молдованың бұрынғы президенті Владимир Воронин Владимир Путинге экзотикалық тосын сый жасап, оның 50 жылдығына арнайы келіп қолтырауын тарту еткен.
Үй жануарларын баптау – саясаткерлердің ермегі
Последние статьи автора