Жаз уақыты барлық шаруаға қолайлы. Қыдырып, демалыс уақытынан бөлек үйге тазалық жасап, ыдыстарды жуу керек. Бірақ, көпқабатты үйде тұратындар үшін қарайып кеткен қазанды ағартудан асқан проблема жоқ. Жер үйде болғанда екі кірпішті қойып астына от жағып, далада еркін қырып жууға мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік көбіне қолжетімсіз. Уайымдамаңыз, біз сізге үй жағдайында қазанды қалай ағарту керектігін айтып береміз.
Ол үшін сізге:
ас содасы;
сұйық концелярлы желім;
лимон қышқылы қажет болады.
Бірінші қазаныңыз немесе табаңыз сияқтындай ыдысқа су қайнатып аласыз. Қайнап жатқан суға ас соласымен желімдіқұйып араластырыңыз. Ішіне ағарту керек ыдысты салып қатты қайнатып 5минут қойыңыз. Одан соң газдеа алып ыңғайлы жерге қойыңыз. Осы судың үстіне лимон қышқылын салыңыз. Осылайша кемінде 4 сағат тұру қажет. Егер түнгі уақытта жасасаңыз таңға дейін тұрғаны жақсы нәтиже береді.
Белгілеген уақыт өткеннен кейін жібсіп тұрған майларды ыстық суға салып алыңыз. Осылайша қазаныңызды тазартып ала аласыз.Екінші тәсіл:
ас содасы;
кір сабын;
Үлкен тааққа мұздай су құйып оған ас содасын салыңыз. Оны отқа қойыңыз. Қайнап жатқан ыдысқа кір сабынды бөлшектеп турап қосып жіберіңіз. Жақсылап араластырып оған ыдысты салыңыз. Отты жаймен қойып қайната беріңіз. 1 сағат қайнағаннан соң алып жуып тастаңыз.