Уақытша еңбек шарты жасалуы тиіс пе?

-Қызметкер жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа кеткенде оның орнына жұмысқа алынған қызметкермен уақытша еңбек шарты жасалуы тиіс пе? Егер ондай еңбек келісімшарты жасалса, ол қандай мерзімге жасалады?

Зубайра, Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарапшы маманның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 29-бабының, 1-тармағы 4)-тармақшасына сәйкес, еңбек шарты жұмыста уақытша болмаған қызметкердi ауыстыру уақытына жасалынуы мүмкін. Осындай мерзімдегі шарттар негізгі қызметкердің кез келген себептер бойынша жұмыста уақытша болмауы жағдайында (соның ішінде - декреттік демалыста болуы кезінде де) жасалынуы мүмкін.
Кодекстің 53-бабының 4-тармағына сәйкес, жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күнінің алдындағы жұмыс күні уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.
Осы ретте, жалпы еңбек заңнамасының принципі бойынша онымен еңбек шарты (мерзіміне қарамастан) жасалған қызметкерге еңбек шарты мерзімінің аясында еңбек заңнамасымен белгіленген барлық құқықтар мен кепілдіктер қолданылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста