Уақытша атқарған жұмысқа қосымша ақы төлене ме?

Уақытша атқарған жұмысқа қосымша ақы төлене ме?

Ауысыммен жұмыс істейтін қызметкер кезекті еңбек демалысына кетсе, оның жұмысын уақытша қоса атқарған қызметкерге қосымша ақы төленуі керек пе?
Төреғали ИСАНБЕТОВ,
Атырау облысы
Заңгер маманның айтуына қара­ғанда, ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабына сәйкес, бiр ұйым­да, өзiнiң еңбек шартында қарас­ты­рылған негiзгi жұмысымен қатар бас­қа лауазым бойынша қосымша жұ­мыс орындайтын немесе уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленедi. Қаулыға  19-қосымшада ма­мандарға, қызметшілерге және жұ­мыс­шыларға лауазымдарды қоса қыз­мет атқарғаны (қызметтер көрсету аясы кеңігені) үшін  қызметкердің лауа­зым­дық жалақысынан 50 %-ға дейінгі мөл­шерде қосымша ақы белгіленген. Көр­сетілген қосымша ақы мекемелер­дің басшыларына, олардың орынба­сар­­ларына қолданылмайды. Лауазым­дар­ды қоса атқару қызметкердің негізгі лауазымы бойынша жұмыс уақытының шегінде жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге, аталған қосымшада уақытша бол­ма­ған қызметкердің міндеттерін орын­да­ғаны үшін қосымша ақы қарасты­рыл­ған. Оның мөлшері жұмыстың нақты көле­міне қарай анықталады. Егер атал­ған қызметкер уақытша болмаған қыз­меткердiң мiндеттерiн өзінің де­малыс күндерінде (ауысым кестесі бо­йын­ша) атқарса, оған еңбекақы Ко­декс­тің 128-бабына сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұл ретте, Кодекстің 97-бабына сәй­кес, Кодекстiң 98-бабында көздел­г­ен жағдайларды қоспағанда, жұмыс беру­шiнiң бастамасы бойынша дема­лыс және мереке күндерiндегi жұмыс­қа қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен жол берiледi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста