Менің көбінесе денем ісініп кетеді. Сол себепті де дәрігерлер күнделікті тұрмыста тұзды аз пайдалануға кеңес береді. Сонда оны немен алмастыруға болады?
Нұрғали САПАРЖАНҰЛЫ, Кентау қаласы
Тұзды алмастырудың бірнеше тәсілі бар. Біріншісі – тұздық құрамы төмен соя соусын пайдалану. Құты сыртындағы light немесе less salt деген жазулары бойынша оны оңай ажыратуға болады. Әдеттегі соя соусы тәрізді ол да шығыс кухнясының ас мәзірімен, салаттармен, сондай-ақ буға піскен тамақтармен және де балық, құс еттерімен керемет үйлеседі. Екінші варианты – құрамында ісінудің негізгі себепкері натрийдің мөлшері төмен тұз. Оны дәріханадан немесе супермаркеттердің диеталық және диабеттік тағамдар бөлімінен табуға болады. Сонымен қатар егер сіз тәжірибе жасаудан қорықпайтын адам болсаңыз үшінші вариант ретінде қара тұзды пайдалануыңызға болады. Оның негізuі артықшылығы – құрамының микроэлементтерге өте бай екендігінде. Мұнда натрий өте аз мөлшерде кездесетіндіктен, іcінуге себепкер бола алмайды.
Тұзды немен алмастыруға болады?
Последние статьи автора