Жуырда жылыту маусымы басталады. Жыл сайын көгілдір отыны жоқ ауылдарда пештің ақауынан тұрғындардың ыстан улануы жиілейді. Өрт те көп болады. Осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін не істеу керек?
Айша ЖАЛҒАСБАЕВА, Ақмола облысы
Пешті, басқа да жылыту құралдарын жылыту кезеңі алдында тексеріп, кездескен ақауларын жойып тұру қажет. Түтін шығатын құбырлар мен отын үш айда бір рет тазалап отырған жөн. Мұржалар мен пеш қабырғалары жиі әктеліп тұруы тиіс. Пештің отын салынатын жерінің алдындағы еденге өлшемі 50х70 см болатын металл қаңылтыр орнатылуы керек. От жағуды балаларға тапсырмау қажет. Жанып жатқан пешті қараусыз қалдырып, кетіп қалуға болмайды. Пештің алдында жылдам тұтанғыш заттар болмауы керек. Отты тұтату үшін жанармайды қолдануға әсте болмайды!
Түтіннен уланып қалмау үшін не істеу керек?
Последние статьи автора