Тұсаукесер – балаға ақжол тілеу

Тұсаукесер – балаға ақжол тілеу

Менің кішкентайым, балапаным тәй-тәй басып жүре бастады. Енді тұсауын кеспек ойымыз бар. Тұсаукесер бала құлап, сүрінбесін деген ниеттен туған ба? Тағы сұрағым келгені – тұсаукесерде баланың аяғына неліктен ала жіп байлайды?
Гүлфайруз МЫҚТЫБЕКОВА,
Тараз қаласы
Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап, таң- тамаша болады. Бұл – баланың ең алғаш­қы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақжол тілеп, тұсаукесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы бір желаяқ пысық әйелге «ал сен кес, өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсауша байлап, сонан соң ортасынан кеседі. Бала анадай­дағы анасына қарай тәлтіректеп жөнеледі. Міне, осыдан бастап баланың өмір жолы­ның алғашқы ізі жер бетін шимақ­тай­ды. Тұсаукесу – қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, Құдайға деген құлшылығы. Неге ала жіп арқылы тұсау кесіледі? Бұның мәні мынада: қазақ баласының сөзді естіп ұға алатын кезінен, осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағы­на сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе, кесіп құртуға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Біріншісі, бас­та айтқаны­мыз­дай, баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста