Тұрғын үйді дүкен қылу үшін көршілерден рұқсат алу қажет пе?

Тұрғын үйді дүкен қылу үшін көршілерден рұқсат алу қажет пе?

Жақында мен қаланың ортасынан үш бөлмелі пәтер сатып алдым. Енді оны қайта өңдеп, бір бөлмесін дүкен қылсам ба деп едім. Бұл үшін не істеуім керек, бұлай жасау үшін көршілерден рұқсат алу қажет пе?

Замира, Талдықорған қаласы

Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті мамандарының айтуынша, тұрғын үйді толықтай немесе бір бөлігін өзгерту оның бұзылуына, бүлінуіне, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтірмеуі тиісті екен. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 4-бабы, 3-тармағына сәйкес, тұрғын үйді өзгерту үй-жай иесінің келісімімен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн ҚР заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган растайды. Егер үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын жағдайда олардың алдын-ала жазбаша келiсiмi талап етiледi. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабы 17-тармағына сәйкес, үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен кезде меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі мынадай: өзгерістер тіреуіш конструкцияларды қозғаған; өзгерістер ортақ мүлікті қозғаған жағдайларда талап етіледі. Жоғарыда аталған өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста