Тұрғын үй кезегіндегі адамды тіркеуден алып тастау қаншалықты заңды?

Мен ІІ топтағы мүгедек едім. 2007 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрмын. Өткен жылы күзде емделуге шетелге кеттім де, биыл тұрғын үй департаментіне барсам, «уақытында қайта тіркеуден өтпедің, енді 2013 жылдан бастап қайта кезекке тұруың керек» дейді. Бұл қаншалықты заңды?
Маржан,
Алматы қаласы
Бұл сұраққа заңгер Шолпан Бостанқызы жауап береді:
– Алматы қалалық Тұрғын үй департаменті мамандарының бұлай деуі – заңға қайшы әрекет. Өйткені «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң бойынша баспанаға мұқтаждарды үйге ке­зекке алудың немесе оны қайта тіркеудің өзінің шарттары бар. Егер баспанаға мұқтаж адам жер алса, оған тұрғын үй салуды аяқтаса немесе басқа жаққа көшіп кетсе, қайтыс болса ғана оны тұрғын үй беруге мұқтаждар есебінен шығара алады. Ал ол денсаулығына байланысты шетелге кете ме, әлде осында емделе ме, ол үшін оны тұр­ғын үй кезегінен шегеру, тіркеуден алып тастау – заңсыз. Тіпті есептен шығарған күннің өзін­де олар 10 күн ішінде не үшін тіркеуден ал­ған­дарын жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Сон­дықтан мен тұрғын үй кезегіне тұрған азамат­ша­ға ең бірінші «Тұрғын үй қатынастары ту­­ра­­лы» заңмен толық танысып алуын ұсынар едім. Одан кейін барып қалалық тұрғын үй де­пар­таментіне өзінің не үшін қайта тіркеуге кел­мегенін, егер ауырса шетелге барып емделгені туралы қағаздардың толық көшірмелерін беріп, олардың неге қайта кезекке тұрғызып отыр­ғандығын жазбаша түрде жауап беруін талап етуі қажет. Егер «2013 жылдан бас­тап қайта кезекке тұр, бұрынғы тіркелген құжат­тар жарам­сыз» деп жауап беретін болса, онда ол құжатты алып жергілікті прокуратураға және сот­қа жүгінуге толық құқы бар. Бұл мәселе осылай ше­шілуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста