Тундрада өсімдік өсе ме?

Жер бетіндегі қысы өте суық және тоғыз айға созылатын аймақ  – тундра. Білгім келетіні, мәңгілік тоң аймағы болып есептелетін тундрада өсімдіктің қай түрі көбірек өседі?
Гүлжан ЕРБАҚЫТ,
Талдықорған
Тундра табиғи аймағы Еуразия мен Американың солтүстік жағалауын бойлай алып жатыр. Тундраның сол­түстігін ала бере полярлі шөлейттер басталады. Ал оңтүстік жағында тай­га орналасқан. Тундраның климаты қатал және үнемі суық жел соғып тұрады. Ал төмен температураның салдарынан жер алты метр тереңдікке дейін мұз болып қатып жатады. Жазда әдетте топырақтың ең жоғарғы қабаты ғана жібіп үлгереді. Ал бұл небәрі 30 сантиметрді ғана құрайды. Сол себепті де тундраны мәңгілік тоң аймағы деп атайды. Соған қарамас­тан өсімдіктер осы қатал климатқа жақсы бейімделген. Суық түскенге дейін жеміс беріп үлгеру үшін олар жаз шығысымен тез арада гүлдей бастайды. Сөйтіп, жазда тундра гүл­денген, сан бояулы келісті кілемге ай­налады. Бұл арадан әртүрлі шөп­тер­ді, кішкентай бұталар мен жеміс­терді, саңырауқұлақтарды кез­дес­тіруге болады. Бірақ тундрада бә­рі­нен бұрын мүк пен қына көп өседі. Тундрада жылу топырақтың жоғарғы бетіне жақын жерде ғана сақталады. Сондықтан да бүкіл өсім­­діктер жерге жабысып өседі, желден солай қорғанады. Иә, тундра – аласа бұталар мен шөптердің, қыналар мен мүктердің және ергежейлі ағаштардың пат­шалығы. Тундрада кішігірім өзендер мен батпақтар көп, олар жазда полярлі құстардың көп­ші­лігінің мекеніне айналады. Демек, мәңгілік тоң аймағы болып есепте­летін тун­дра – соншалықты қорқы­ныш­ты аймақ емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста