Ту ұстаушылар

Лондондағы Олимпиада ойындарында қазақтың көк байрағын асыл текті алып ұлдардың жалғасы іспетті көрінетін Нұрмахан Тінәлиевтің көтеріп шы­ға­ты­нына қатты қуаныштымын. Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бар­ша әлем көз тігеді емес пе? Әлемдік спортшылардың төбе көрсететін жері. Ме­нің білгім келетіні, Роджер Федерер Швейцария туын көтеріп шығудан неге бас тартты екен?
Бекзат АЛТАЕВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Жалпы, Лондондағы Олимпиада ойын­дарында өз елдерінің туын ұстап шығу бақытын иеленген теннисшілер өте көп екен. Мәселен, Польшаның байрағын Аг­неш­ка Радваньская, Сербияның туын Но­вак Джо­кович, Ресей байрағын Ма­рия Ша­ра­п­ова, Румыния туын Хориа Текау, Беларусь байрағын Максим Мир­ный, Лих­тейн­штейн туын Стефани Фогт, Кипр байрағын Маркос Багдатис көтеріп шықты. Осыған дейін Испанияның туын көтеріп шығу міндеті тағы бір әлемдік теннисші Рафаэль На­дальға жүктелген еді. Алайда ол жара­қа­тына бай­ланысты Лон­дон Олим­пиа­да­сына қатыс­пайтынын айтты. Ал Швейцария туын Афины және Бей­жің Олим­пиа­да­ла­рында желбіретіп шық­қан даңқты теннисші Род­жер Фе­де­рер бұл жолы өз еркімен ту ұстау мін­де­ті­нен бас тартқан. Оның ойынша, өзінен бас­қа жас спортшыларға байрақты биік көтеріп шығу бақыты бұйырғаны дұрыс екен. Ал Швейцарияның Олимпиада ко­ми­теті Феде­рердің орнына оның ізбасары Станислас Вавринканы ту ұстап шығады деп жариялады.
Олимпиада қожайыны Ұлы­бри­та­ния­ның байрағы төрт дүркін Олимпиада чем­пионы, велотрекші Крис Хойға сеніп тап­сы­рылды. Қытайдың туын баскетболшы И Цзяньлянь көтеріп шықса, Американың ту ұстаушысы болып семсерлесуден екі дүркін Олимпиада чемпионы Мариэль Загунис тағайындалды. Көршіміз Өзбек­станның байрағын боксшы Елшод Расулов Олим­пиа­даның ашылу салтанатында жел­біретіп жүреді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста