Трансшекаралық өзендер қайсы?
Қазіргі кезде трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Әлемде бірнеше елге ортақ трансшекаралық өзендер қайсы?
Әйбек Көкімбаев, Алматы
Жалпы, әлем халқының 40 пайызы трансшекаралық өзендерді пайдаланады. БҰҰ комиссиясының мәліметі бойынша, әлемдегі 214 өзен бассейнінің 148-і – екі ел арқылы, 31 өзен – үш ел арқылы, ал қалған 62 өзен төрт немесе одан да көп елдің территориясымен өтеді екен. Халықаралық өзендерді айналадағы елдер өзара келісім бойынша бірлесіп пайдаланады. Мәселен, 14 мемлекет Дунай өзенін пайдалану туралы келісім жасасқан. Сол сияқты Нигер өзенін – 10 ел, Конго өзенін – 9 ел, Рейн өзенін – 8 ел, Замбези өзенін – 8 ел, Амазонка өзенін – 7 ел, Мекон өзенін – 6 ел, Брахмапутра өзенін – 4 ел, Ганг өзенін 4 ел бірлесіп пайдалану жөнінде келісімге келген. Сол сияқты Қырғызстан гидроресурстарының 80 пайызын Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан пайдаланады.