Трамвай қашан пайда болған?
Трамвай көлігі қашан, қай елде пайда болған?
Ерасыл АЛТЫНБЕК, Кереку қаласы
Ең алғашқы вагоны ат арба арқылы тартылатын көше трамвайы Нью-Йоркте 1832 жылы шыққан. Екінші трамвай жолы Жаңа Орлеанда 1835 жылы ашылған. Бұл жолда әлі күнге дейін электр машиналар жұмыс істейді. Еуропада алғашқы трамвайлар Парижде 1853, Англияда 1860 жылы Беркенхендте, сосын Лондонда 1861-де, Копенгагенде 1863-те пайда болған. ХІХ ғасырдың 70-жылдары жылқының көмегімен жүретін трамвайға бай болды. Бірақ қайта өңдеушілер оның басқа түрін іздестіре бастады. Алдымен механикалық күш ретінде сығылған ауа, газ, жанармайлы двигательді қолдана бастады. Бұл мүмкін болған соң, электр күшін іске қосты.
Ең алғашқы электр трамвайын «Сименс» фирмасы 1881 жылы Берлиннің трамвай жолы арқылы іске қосты. Бірақ бұл көлікте әлі қаншама жетіспеушілік болған еді. Мысалға, вагонға электрэнергиясы үшінші байланыс рельсі арқылы беріліп отырды. Дегенмен америкалық инженер Ю.Спрэг қақпағына ток түсіргіш орнату арқылы бұл мәселені шешті. Енді ол байланыс сымы арқылы жерден биік жерде ілініп тұрды. Осындай жөндеулерден кейін, америкалық трамвай нағыз стандартқа сай көлік болды. 1888 жылдан бастап бүкіл әлемге тарай бастады.