Төсектегі құмарлықты басудың 4 тәсілі (18+)

Төсек қатынасында жылылық жоғалып, салқындық байқалса ikerim.kz порталы ұсынған психотерапевт және сексолог мамандардың кеңесіне құлақ түріңіз.

 

 Өкпелеуді доғарып, алдап-арбауға көшіңіз.

 

Ерлі-зайыптылардың төсек қатынасына байланысты тіл табыса алмауына түрлі жағдайлар себеп болады. Мысалы ер адам үнемі төсек қатынасын қалайтын болса, ал әйел адамда керісінше болуы мүмкін. Ер адам ыңғай білдірген уақытта жары міндетті түрде дайын болуы керек деген «қағида» бар. Егер әйел адамда нақты себеп болса, оны қалжыңмен жылы жеткізгені дұрыс. «Сен үнемі осылай етесің… Сенікі дұрыс емес…» деген сияқты сөздермен екеуіңіздің де көңіл-күйлеріңізді құртпаңыздар.

 

Жыныстық қатынас туралы сөйлесіп үйреніңіз.

 

Бұл ол туралы әр жерде айта бер деген сөз емес. Тек өз серігіңізбен ашық сөйлесе алған дұрыс. Оған ненің ұнайтынын немесе ұнамайтынын біліп алып, өз пікіріңізді айтудың да артықтығы жоқ. Бас ауруы мен көп шаршауда әсерін тигізетін болғандықтан, жолдасыңызға ол туралы ескертуіңізге болады.

 

Төсек қатынасын күнделікті тіршіліктен бөлек қараңыз.

 

Әйел адамдар оны өзінің «жұмысы» деп қарамауы керек. Ол үшін де төсек ойыны ләззат сыйлайтын алаң болсын. Мысалы төсекке жатқан кезде үйге керек заттар есіңізге түспесін, үйге жөндеу жұмысын қашан бастаймыз, қарыздарымызды қалай төлейміз деген уайымнан бір уақытта арылтатын алаң сіздердің төсектеріңіз болуы керек.

 

Демалыс артық етпейді!

 

Жоғарыда айтып өткеніміздей үнемі шаршау өзінің кесірін тигізеді. Жұмыстан шаршап келесіз… балалардың тамағын бересіз… олардың сабағын тексересіз… үйді тазалайсыз… жарыңыз бен балаларыңыздың киімдерін жуу. Бұдан кейінгі арман: «төсегіме жетіп, ұйықтасам екен».

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста