Мақта-мата, тоқыма, жүн мен жіп өнеркәсібі жөнінен әлемде көш бастайтын қай елдер?
Асылзат Еркешева, Жамбыл облысы
Ресейлік Fashionomica медиажобасының мәліметінше, текстиль өндірісі жөнінен Қытай әлем бойынша бірінші орында тұр. Тоқыма өнеркәсібі ел қазынасына жылына 170 млрд доллар табыс түсіреді. Дүниежүзін тоқыма өнімдерімен қамтып отырған басқа жетекші елдер Қытайдан әлдеқайда аз табыс түсіреді. Мысалы, текстиль бойынша әлемдік рейтингтің екінші орнындағы Үндістан жылына 24 млрд доллар табыс табады. Одан кейінгі орындарда Түркия, Бангладеш, АҚШ, Вьетнам, Пәкістан, Индонезия тұр. Аталған мемлекеттерде мата өндірісі – ұлттық экономиканың шешуші саласы. Тоқыма-мата өнімдерімен әлемдік нарықты жаулаған елдердің қатарында Бразилия, Австралия, Өзбекстан да бар. Әлемдік дағдарыс пен ішкі саяси ахуалға байланысты Грекия мен Сирия бұл жағынан бес жыл бұрынғы позицияларынан айырылған.
Тоқыма өнеркәсібінің көшбасшылары қай елдер?
Последние статьи автора