Тегімдегі «ов», «ев» деген тіркесті алып тастауыма бола ма? Бұл үшін туу туралы куәлікті, неке қию куәлігін т.б. құжаттардың бәрін өзгертуім керек пе?
Арман Бейсенов, Шымкент қаласы
Бұл сұраққа Алматы қаласы Алатау ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы операция залының басшысы Ақжан МАҚСҰТҚЫЗЫ жауап береді:
– Қазір төлқұжаттағы «ов», «ев»-ті алып тастаудың жеңілдетілген түрі қарастырылған. Мәселен, менің аты-жөнім Арыстанбекова Акжан Максутовна болса, мен оны жеңілдетілген тәртіппен Арыстанбек Ақжан Мақсұтқызы деп өзгерте аламын. Оның еш қиындығы жоқ. Ол үшін туу туралы куәлікті, басқа құжаттарды өзгертіп жатудың қажеті жоқ. Тек қана әр ауданда орналасқан көші-қон полициясына барып, өтініш жазсаңыз, олар белгіленген тәртіппен өзгертуге көмектеседі. Ал егер тегіңізді ауыстырып, оның орнына әкеңіздің атын қоятын болсаңыз, онда туу туралы куәлікті, диплом, тағы басқа құжаттарды ауыстыру қажет болады. Ал «ов», «ев»-ті өзгерту аса қиын емес.
Төлқұжаттағы «ов», «ев»-ті алып тастау қиын емес
Последние статьи автора