Тоғыз айлық жұмыс үшін декреттік төлем қалай есептеледі?

Мен 2012 жылдың шілде айынан бастап жұмыс істеп келемін. Айлық жалақым – 30 мың теңге. Сәуір айында декреттік демалысқа шағамын. Тоғыз ай жұмыс істегеніме қанша декреттік төлем төленеді?
Жанар,
Алматы облысы
Әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметіне қара­ғанда, 2013 жылғы 17 ақпаннан бастап күші­не енген «Әлеуметтік қамсыздандыру мәсе­ле­лері жөніндегі Қазақстан Республикасының кей­бір заңнама актілеріне өзгертулер мен толық­тырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 ақпандағы №75-V Заңымен «Міндетті әлеуметтік сақтан­ды­ру туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толық­ты­рулар енгізілді.Оның ішінде, Заңның 23-1 ба­бы­на сәй­кес, жүктілігіне және босануға байланысты та­­бы­сынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемдердің (бұдан әрі – ӘТжб) мөл­шерін анықтау механизміне қатысты өзгерістер енгізілді. ӘТжб мөлшері әлеуметтік аударымдарды (ӘА) есептеу объектісі ретінде есепке алынған орташа айлық табыс мөлшерін (бұдан әрі – ОАТ) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жа­рам­сыздық парағында (бұдан әрі – науқастық парақ) көрсетілген күн­дер санына сәйкес анық­та­латын коэффициентке көбейту жолымен анық­та­лады. ОАТ науқастық парақта берілген айдың ал­дындағы соңғы 12 күнтізбелік айда (осы кезең­де ӘА үзілісінің бо­луы­на тәуелсіз) ӘА төленген та­быс сомасын 12-ге бөлу жолымен анықталады. Сіздің жағ­дайы­ңызда ӘА тоғыз ай ғана төленсе де, ОАТ тоғыз күнтізбелік айда ӘА төленген табыс сомасын, 12-ге бөлу жолымен анықталады. Еңбекке жа­рам­­сыз күндер санының коэффициенті нау­қас­тық парағы берілген күндер санын 30 күнтізбелік күнге бөлу жолымен анықталады (науқастық парағы 126 күнге берілсе, К – 4,2; 140 күнге – 4,7). Сонымен, сіз науқастық пара­ғын алып жұ­мыс орнынан жүктілік бойынша демалысқа шық­­қаннан кейін тұрғылықты жеріңіз бойынша Зей­нетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орта­лықтың (бұдан әрі – ЗТМО) бөлімшесіне ӘТжб тағайындау үшін науқастық парағында көр­сетілген жүктілік бойынша демалыс бас­тал­ған күн­нен бастап 12 ай ішінде өтініш білдіре ала­сыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста