КСРО ыдырағалы бері оның құрамында болған елдердің демографиялық ахуалы әртүрлі болуы мүмкін. ТМД елдерінің арасынан қай елдің өсім көрсеткіші жоғары?
Ерден, Жамбыл облысы
1991 жылы Украинаның халық саны 52 миллион болған еді, қазір – 46 млн. Ал белорустардың саны 1991 жылы 10 миллионнан асатын, қазір – 9,5 млн. Ресей халқы 1991 жылы 148 миллионды құраса, қазір 141 миллионға түсті. Армяндар 3,5 миллионнан 3 миллионға, грузиндер 5,5 миллионнан 4,5 миллионға азайыпты.
ТМД елдерінің арасында түркітекті халықтардың өсімі жоғары: Әзірбайжандар 7 миллионнан 9 миллионға, түрікмендер 3,5 миллионнан 5 миллионға, өзбектер 17 миллионнан 28 миллионға көбейіпті. 1991 жылы Қазақстан азаматтарының саны 17 миллионды құраса, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша халық саны – 16 млн 675 мың.
Жалпы, Кеңес өкіметі ыдыраған сәтте оның халық саны 293 миллионды құраған болса, қазір ТМД елдерінің халық санын қосып есептегенде 278 миллионды құрайды.
ТМД елдерінің демографиясында өзбектер озып тұр
Последние статьи автора