ТМД-да ДСҰ-ға мүше елдер қайсы?
ДСҰ-ға биыл мүше болып кіреміз деп отырмыз. Осы ТМД елдерінен қайсылары Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді?
Қайрат, Алматы облысы
Қазіргі кезде ДСҰ құрамында 159 мемлекет бар. Посткеңестік елдердің арасынан ДСҰ-ға ең алғашқы болып енген мемлекет – Қырғызстан. ДСҰ-ға 77-ші ел болып кірген айырқалпақты ағайындар елі 1998 жылы 20 желтоқсанда келісімге қол қойған екен. Балтық елдері – Латвия мен Эстония 1999 жылы, ал Литва 2001 жылы ДСҰ-ның құрамына өткен. Молдова 142-ші ел болып 2001 жылы 26 маусымда ДСҰ қатарынан табылған. 2002 жылы ақпан айында Армения 145-ші ел болып өтті. 2008 жылы мамыр айында Украина ДСҰ-ға 152-ші ел болып қосылды. Биыл наурыз айының басында Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді.
Қазіргі кезде Әзірбайжан, Белоруссия, Түрікменстан мен Өзбекстан ДСҰ-ға кіруге ниет білдіріп отыр.