Титулды ұлт деген не?

Осы БАҚ беттерінде көп қолданылатын «титулды ұлт» ұғымының анықтамасы қандай? Бұл ұғымды кім ұсынды?
Жасын КЕНЖЕТАЙ,
Алматы
Титулды ұлт – белгілі бір мем­лекеттің халқының негізгі бөлігін құрайтын, мемлекеттің ресми атауы мен мәнін, бағыт-бағдарын айқындаушы ұлт. Бұл мемлекет­құру­шы ұлттың табиғи әрі заңды артықшылық жағдайы, мақсат-мұраты, ұлттық өмір салты, талап-тілектері барлық жағынан қорға­луға, кеңінен қолдауға ие болуы тиіс. «Титулды ұлт» ұғымын ең алғаш болып ХІХ ғасырдың  соңғы шенінде әйгілі француз ақыны және ұлттық қозғалыстың саяси қайраткері Моррис Баррес енгіз­ген. Баррестің тұжырымы бойын­ша, доминантты этникалық топтың тілі мен мәдениеті мемлекеттің діңгегін құрайтын болса, бұл ти­тул­ды ұлт саналады. Бұл ретте Баррес «титулды ұлт» ұғымын ұлт­тық азшылықты құрайтын этника­лық топ өкілдерінен аражігін нақ­ты бөліп қарастырып, әрқайсысына тиесілі міндет-жауапкершіліктерді айқындап береді. Саяси әдебиет­тегі баррестік тұжырымдама бойынша ұлттық мемлекеттің іргесі шайқалмай, айрандай ұйып тұруы үшін екі шарт болуы керек. Біріншіден, ұлттық азшылық пен этникалық топтар мемлекетқұру­шы ұлтқа лояльды болуы, яғни ыңғайына көнуі міндет. Ал, екін­ші­­ден, мемлекетқұрушы ұлт өз ішін­дегі аз ұлттарды қолдап, қор­ғаш­­тап отыруы қажет. Демек, бұл жерде титулды ұлттың мәселесі бірінші кезекте тұрады. Тіпті Еуро­паның кейбір елдерінде титулды ұлт туралы арнайы заңдар қабыл­дан­ған. Қырғызстанда да титулды ұлт туралы заң қабылдау ұсыныл­ған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста