«Титаник» атты әйгілі кинофильмге тарихтағы оқиғаның өзек болғанын білеміз. Алып кеме өткен ғасырдың бас жағында мұхитқа батып кеткен деседі. Ал осы кеменің қалдықтары қазір су астынан шығарылды ма?
Нұржан, Алматы қаласы
Ғаламтордағы энциклопедиялық мәліметтердің дерегі бойынша, «Титаник» қалдықтары Атлант мұхитының 3750 метр тереңдігінде әлі жатыр. Осы кезге дейін ол ғылыми-зерттеу нысанасына айналып үлгерді. Бірақ Севилья университетінің ғалымдары тарихи жәдігердің жыл өткен сайын құрып бара жатқанын айтады. Мамандардың айтуынша, 2017 жылға қарай кеме қалдықтары зерттеу жұмыстарына жарамсыз болып қалуы мүмкін. Металл құрастырмаларды суасты жәндіктері мен түрлі бактериялар тоз-тоз етіп жатыр. Өткен ғасырдың басында ағылшын компаниясы жасап шығарған «инженерлік ғажайып» өзінің алғашқы құрлықаралық тасымалын орындау кезінде айсбергке соқтығысып, апатқа ұшыраған болатын. Мұхит трагедиясынан 1503 адам қаза тапты. Лайнер Канада жағалауынан 530 шақырым жерде қақ бөлініп қалды. Бірақ оның қалдығы арада 73 жыл өткенде әрең табылған болатын.
«Титаник» су түбінде әлі жатыр ма?
Последние статьи автора