Бейжің ауруханасының клиникалық психология бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Ши Хуэй «Хуаньцю Шибао» басылымына берген сұхбатында: «Өмірдің жылдам ырғағы мен алаңдаушылықтың жоғарылауы ұйқы режимін бұзады және денеге зиянды әсер етеді», &ndash дейді.
 
Бұл процесті қалыпқа келтіру үшін маман таңертең 07:00-ден кешікпей тұрып, ертерек ұйықтау әдетін дамытуды ұсынды.
 
 
«Сонымен қатар ұйықтамас бұрын соңғы сағатта ұялы телефондарды пайдаланудан бас тарту керек. Экраннан шыққан жарық ұйқы гормоны мелатониннің синтезін қиындатады, осылайша денені алдайды», &ndash деп түсіндірді Ши хуй.
 
Шай, кофе және басқа да ынталандыратын сусындардан бас тарту тез ұйықтауға ықпал етеді.
 
Дәрігердің айтуынша, жатар алдындағы ең жақсы көмектесетін істер: ыстық ванна, кітап оқу және іштің тыныс алуына арналған жаттығулар.