Техникалық байқауда не тексеріледі?
Жуырда тұңғыш рет автокөлік иесі атандым. Көлік жүргізу тәжірибем өте аз. Көлікті техникалық байқаудан өткізген кезде оның, негізінен, қандай өлшемдері тексеріледі?
Анар Ержанова, Қызылорда қаласы
Мамандардың түсіндіруіне қарағанда, техникалық байқау кезінде көлік мына параметрлер бойынша тексеріледі:
1) тежегіштік басқару;
2) рульмен басқару;
3) әйнектердің шолу мүмкіндігі;
4) сыртқы жарық құралдары;
5) дөңгелектер, шиналар, аспа;
6) пайдаланылған газдағы зиянды заттардың құрамы;
7) шассидің түйіндері мен агрегаттарының жағдайы;
8) қауіпсіздік белбеулері, спидометр, жол қобдишасы, өрт сөндіргіш және басқа да маңызды жабдықтардың жайы.
Техникалық байқау үшін автокөліктің техникалық төлқұжаты, байқау өткізілетін жыл үшін көлік салығының төленгенін растайтын немесе оны төлеуден босатылғанын растайтын құжат талап етіледі.