Автокөліктерді техникалық байқаудан өткізуге мораторий жарияланғаны рас па? Сонда келер жылға дейін тексерістен өтпеуге бола ма?
Уәлихан Салауат, Солтүстік Қазақстан облысы
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мамандарының түсіндіруінше, ҚР Үкіметінің қаулысымен биылғы сәуірден бастап автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу мерзімі жарты жылға кейінге ауыстырылды. Әуеліде шығарылғанына жеті жылдан асқан жеңіл автокөліктер биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында техникалық байқаудан өтуі керек еді. Енді мамырға белгіленген техбайқау қараша айына, маусымға белгіленген тексеріс желтоқсанға, шілдеден – 2013 жылдың қаңтарына, тамыздан – ақпанға, қыркүйектен наурызға шегерілді.
Техбайқаудан өту мерзімі өзгерді ме?
Последние статьи автора