Тележұлдыздарымыздың табысы қанша?

Тележұлдыздарымыздың табысы қанша?

Шетелдік немесе ресейлік тележүргізушілердің табысы көп дейді. Ал біздегі телевизия жұлдыздары қанша алады?
Жомарт,
Алматы қаласы
Расында да, әлемге әйгілі америкалық те­ле­жүргізуші һәм қоғам қайраткері Опра Уин­фри бір жылдың ішінде 165 млн доллар таба­ды. Ал ТМД кеңістігіндегі тележүргізушілер өз табысын жариялауға онша құмартпайды. Әйт­се де кімнің қанша алатыны жайындағы сыпсың сөз тез жайылады. Мәселен, «Останкино» те­леорталығында. «Бірінші арнадағы» «Пусть го­ворят» бағдарламасын жүргізетін Андрей Малаховтың айлығы 25-30 мың доллар көле­мінде. Оған таңғалуға да болмайтын шығар. Қазір түрлі телеарнадағы шоу-бағдарлама­лар­дың ішінде «қолы жүріп» тұрғаны – осы. Ре­сей телевизиясының тағы бір жұлдызы Вла­димир Познерге төленетін жалақы да 30 мың доллардың айналасында. Ал пәленбай жыл­дан бері «Поле чудестен» түспей жүрген Лео­нид Якубович айына 15 000 доллар алады. Кезінде ең өтімдісі Ксения Собчак еді. Ол бір­неше телеарнадағы бірнеше бағдарламаны қатар жүргізетін. Сондықтан оның табысын тап басып айту қиын. Бірақ оның пәтерінде тін­ту жүргізілгенде, 1 млн евро, 480 мың дол­лар, 480 мыңдай рубль табылғанына қара­ған­да, Ксенияның табысы жаман болмағанға ұқсайды. Ал біздің тележүргізушілердің қан­ша алатыны да – коммерциялық құпия. Деген­мен олардың табысы ресейлік жұлдыздардың «ставкасымен» салыстыруға да келмейді. Шоу-бағдарламаларды жүргізетіндердің ала­тыны ары кетсе 1000 доллардан аспайды деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста