Телефон алаяқтарына қандай жаза қолданылады?

Телефон алаяқтарына қандай жаза қолданылады?

Жуырда менің анама біреу хабарласып, «балаңыз полицияға түсті» деп хабарлаған. Үйге келсем, анам қатты уайымдап отыр екен. Мен оған ештеңе болмағанын айтып түсіндірдім. Сөйтсек, біреу телефоннан жалған ақпарат берген болып шықты. Сондай адамдарды анықтау үшін не істеу керек, олар қалай жазаланбақ?
Алмас Жаманқұлов,
Астана қаласы
ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының айтуынша, соңғы кездері әлдекімдерге полиция қызметкері болып хабарласып, баласының не туысқанының қылмыспен ұсталғанын айтып, ақша талап ететін немесе жай ғана қорқытып қоятын телефон алаяқтары көбейген. Мұндай жағдайда мән-жайды білу үшін 102 теле­фо­ны­на хабарласып, әлгі ақпараттың дұрыс-бұ­рыс­тығына көз жеткізіп алу қажет. Егер 102-ге хабарласу немесе одан толық ақпарат алу мүм­кін болмаса, жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне хабарласу керек. Телефонмен ақпарат таратқан адамның алаяқтығына көз жет­кіз­ген­нен кейін полицияға шағымданған жөн. Кү­дік­тіге қатысты жедел-іздестіру шарасы жүргізіледі. Ұсталған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтық) бойынша жауап­кер­ші­лік­ке тартылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста